Жамбылдық оқушылар бір жылда 467 медаль жеңіп алды
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 1 тамыз, 2024
- 552
Бұл туралы Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова «Дарынды оқушылардың жеткен жетістіктеріне» арналған брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Брифингте айтылғандай, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға 64 оқушы қатысып, 29 оқушы жеңімпаз атанған. Нәтижесінде Жамбыл облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясына ие болған.
Ләззат Қызылқұлова ауыл мектептері арасында білімді, өнерлі оқушылардың жетістіктеріне ерекше тоқталды.
«Ауыл мектептері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада» ұйымдастырылған. Облыстан қатысқан 49 оқушының 22-сі республикалық кезеңнің жеңімпазы атанған. Ал шығармашыл әрі талантты жастар ақындық өнерін шыңдап, көркем сөз оқу байқауларында облыс намысын қорғап жүр. Ауылды жерлердегі оқушылардың дарыны мен қабілетін қолдау мақсатында «Мың бала» ұлттық олимпиадасына соңғы үш жылда қатысқан 27 мың оқушының 357-сі жеңіске жетті. Қазіргі күні 224 оқушы мамандандырылған мектепке орналастырылған. Осы жетістіктердің барлығы облыс оқушыларының Жаңа Қазақстанның дамуына қосқан үлесі» – деді Ляззат Қызылқұлова.
Дзюдошы Нұрлыхан Шархан - Париж олимпиадасын аяқтады
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы мектептерде тамақ мәзірінің жаңа стандарты әзірленеді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024