Денсаулық

1 миллион адамға ыстықты түсіретін дәрі тегін беріледі

1 миллион адамға ыстықты түсіретін дәрі тегін беріледі

Коронавирус диагнозы қойылған пациенттер, ПТР талдауының нәтижелеріне қарамастан, қызуды төмендететін дәрілер мен антикоагулянттарды тегін ала алады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты. Цойдың айтуынша, COVID-19 емдеуге арналған амбулаториялық деңгейдегі дәрілердің тізімі кеңейтілген.

Осылайша, 1 миллионға жуық адамды қамту жоспарланып отыр екен.

baq.kz