«100 мыңнан аса азаматымыз аман қалады». Асхат Аймағанбетов онкологиялық аурулардың алдын алу мәселесін көтерді
Депуттатың айтуынша, МӘМС жүйесіне енбеген 3,4 млн азаматты скринингпен қамту көзделіп отыр
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағанбетов онкологиялық аурулардың алдын алу мәселесі бақылауіда екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аймағанбетов әлеуметтік желідегі парақшасында онкологиялық аурулардың алдын алумен қатар, МӘМС жүйесіне қосылмаған мыңдаған отандастың өмірін сақтап қалу үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы жабза жариялады. Оның сөзінше, комитет отырысының нәтижесінде министрлікпен бірлесіп, бюджеттен бөлінетін қаражатты қысқарту туралы бұйрықты қайта қарау, жұмыс тобын құрып, нақты шығындарды есептеу және тіпті бірнеше бағыттар бойынша қаржыландыруды арттыру туралы келісімдерге қол жеткізілген.