3000-нан астам дәрі түрі ҚҚС-тан босатылды - министрлік
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 12:59
- 59
Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттар қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тиісті шаралар дәрілік заттардың 3000-нан астам атауын қамтиды, оның 1 200 атауы орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған, сондай-ақ көтерме және бөлшек саудада сату кезінде ҚҚС-тан босатылуға жатады. Сондай-ақ сирек және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу, диагностикалау, алдын алу және оңалту бойынша медициналық қызметтерге ҚҚС салынбайды.
Қосымша қосылған құн салығынан ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды өндіру үшін пайдаланылатын импортталатын фармацевтикалық субстанциялар босатылады. Аталған шаралар 2025 жылғы 31 желтоқсанда қабылданған «Денсаулық сақтау саласындағы қосылған құн салығынан босатудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1203 қаулысымен бекітілген және 2026 жылғы қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі шеңберінде іске асырылады. Қабылданған шешім пациенттерді қолдауға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені азайтуға және отандық фармацевтика саласын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Бұдан басқа, жаңа Салық кодексіне сәйкес көтерме және бөлшек сауда сегменттерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу кезінде ҚҚС төмендетілген мөлшерлемесін қолдану көзделген. 2026 жылғы қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 5 %-ды, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 10%-ды құрайды. Сонымен бір мезгілде Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп рецептілік дәрілік заттарды реттеу мерзімін 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Осы шараларды іске асыру денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және халықты әлеуметтік қорғауды нығайту жөніндегі кешенді мемлекеттік саясаттың бөлігі болып табылады. Өткен жылдың ортасында Денсаулық сақтау министрлігі бөлшек сауда желісіндегі дәрілік заттарға шекті бағаларды реттеу тетігін енгізгенін естеріңізге сала кетейік.
Нәтижесінде бүгінде 3 780 атау бойынша дәрілік препараттардың бағасы орта есеппен 26 %-ға төмендегені тіркелді. 2025 жылы шекті бағаны бұзудың 28 фактісі анықталып, жалпы сомасы 5,7 млн теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды.
Дәріханаға барған кезде дәрілік заттардың өзекті бағаларын Dari.kz мобильдік қосымшасы арқылы тексеруге болады.
Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің ауқымды тізбесі ққс-тан босатылды
Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттар қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босатылды.
Тиісті шаралар дәрілік заттардың 3000-нан астам атауын қамтиды, оның 1 200 атауы орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған, сондай-ақ көтерме және бөлшек саудада сату кезінде ҚҚС-тан босатылуға жатады. Сондай-ақ сирек және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу, диагностикалау, алдын алу және оңалту бойынша медициналық қызметтерге ҚҚС салынбайды.
Қосымша қосылған құн салығынан ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды өндіру үшін пайдаланылатын импортталатын фармацевтикалық субстанциялар босатылады. Аталған шаралар 2025 жылғы 31 желтоқсанда қабылданған «Денсаулық сақтау саласындағы қосылған құн салығынан босатудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1203 қаулысымен бекітілген және 2026 жылғы қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі шеңберінде іске асырылады. Қабылданған шешім пациенттерді қолдауға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені азайтуға және отандық фармацевтика саласын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Бұдан басқа, жаңа Салық кодексіне сәйкес көтерме және бөлшек сауда сегменттерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу кезінде ҚҚС төмендетілген мөлшерлемесін қолдану көзделген. 2026 жылғы қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 5 %-ды, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 10%-ды құрайды. Сонымен бір мезгілде Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп рецептілік дәрілік заттарды реттеу мерзімін 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Осы шараларды іске асыру денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және халықты әлеуметтік қорғауды нығайту жөніндегі кешенді мемлекеттік саясаттың бөлігі болып табылады. Өткен жылдың ортасында Денсаулық сақтау министрлігі бөлшек сауда желісіндегі дәрілік заттарға шекті бағаларды реттеу тетігін енгізгенін естеріңізге сала кетейік.
Нәтижесінде бүгінде 3 780 атау бойынша дәрілік препараттардың бағасы орта есеппен 26 %-ға төмендегені тіркелді. 2025 жылы шекті бағаны бұзудың 28 фактісі анықталып, жалпы сомасы 5,7 млн теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды.
Дәріханаға барған кезде дәрілік заттардың өзекті бағаларын Dari.kz мобильдік қосымшасы арқылы тексеруге болады.
Жамбыл ауданында «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылдан бастап МӘМС бірнеше созылмалы ауруды қамтиды
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 желтоқсан, 2025






