Денсаулық
Алексей Цой коронавирустың екінші толқыны қашан болатынын айтты
- авторjambylinfo.kz
- 10 қыркүйек, 2020
- 174
Алексей Цой коронавирустың екінші толқыны қашан болатынын айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болжанатынын айтты.
"Біз қазіргі жағдайға тек болжам жасап бағасын айта аламыз. Әр күннің көрсеткіштері әртүрлі болғандықтан, алдағы екі аптаны ғана болжап отырмыз. Бұл маска тағатын, қашықтық сақтап, карантин талаптарын орындайтын адамдардың әрекетіне тікелей байланысты екенін айтқым келеді. Сырқаттану жағдайларын болжау үшін біз азаматтардың аталған мәселелерге қаншалықты көңіл бөлетінін түсінуіміз керек", деді еліміздің бас дәрігері.
Сондай-ақ, министр қараша-желтоқсан айларында ауру саны өсуі мүмкін екенін айтты.
"Бұл екінші толқынның болжамды уақыты. Жағдай елімізде осы кездерде жиі таралатын тұмау вирустарына да байланысты", деді ол
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық
Енді еңбекке жарамсыз анықтаманы дәрігер жұмыс орнына тікелей жібереді
- авторjambylinfo.kz
- 13 желтоқсан, 2024
Денсаулық
Жамбылда ЖРВИ-мен ауырған балалар саны 62,5%-дан пайыздан асты
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2024