бейсенбі, 4 шілде, 2024 14:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ғалымдар коронавируспен күресетін тиімді зат тапты

Ғалымдар коронавируспен күресетін тиімді зат тапты
ашық дереккөзі
Ғалымдар коронавируспен күресетін тиімді зат тапты

АҚШ-тағы Питтсбург университетінің мамандары ламалардың ағзасынан коронавирус антиденесіне қатты әсер ететін фрагментті бөле алды.

Ғалымдар жұмыс барысында ламаларға SARS-CoV-2 вирусының "тікенегін" - ақуызын енгізіп тексерді. Лама ағзасына ақуыз енгізілгеннен кейін екі ай өткен соң мамандар иммун жүйесі SARS-CoV-2-ге қарсы наноденелерді шығара бастағанын байқайды.

Одан әрі зерттеушілер SARS-CoV-2-мен тығыз байланысты наноденелермен салыстырып, теңестіріп көрді. Олар ламалардың басқа антиденелеріне қарағанда әлдеқайда тиімді болып шықты.

Ламалардың антиденелері, яғни "наноденелері" адамдардың антиденелеріне қарағанда әлдеқайда аз және коронавирусты бәрінен жақсы жояды. Сондай-ақ олар тұрақты болып шықты. Болашақта олардың көмегі арқылы COVID-19 жұқтырған науқастарды емдейтін дәрілер әзірлеуге болады.

  tengrinews.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар