сенбі, 23 қараша, 2024 9:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қауіпті індеттің алдын алу мақсатында

Қауіпті індеттің алдын алу мақсатында
ашық дереккөзі
Қауіпті індеттің алдын алу мақсатында
Елімізде жағдай тұрақталғанымен, қауіпті індетпен күрес әлі де жалғасуда. Қарантин талаптарын орындау, сақтық шараларын ұстану, күнделікті бетпердемен жүру, әлеуметтік арақашықтықты сақтау ел азаматтарына міндеттелген. Осылай ғана бұл індеттен қорғануға, сақтануға болады. Бүгінгі күннің талабы да осы. Тәртіпке бағынбайтын адамдардың жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейтіні де содан. Бұлай істемесе, тағы болмайды. Бұның бәрі ел азаматтарының денсаулығын сақтауға, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Біздің ауданда эпидемиялогиялық жағдай тұрақты. Дейтұрғанмен, жағдай кез келген уақытта өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан да аудан басшылары қазірден сақтық шараларын мықтап қолға алып, өңірдегі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Аудан бойынша қауіпті індеттің алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп, рейдтер ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, сәрсенбі күні аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов бастаған топ Аса, Жалпақтөбе ауылдарына рейдке шықты. Дәмханаларға бас сұғып, асхананың тазалығына, қорғаныш заттарына мән берді. Келушілердің бірқатары әлеуметтік арақашықтықты сақтамай отырғанына назар аударды. Нысанға жауапты тұлғаларға, келушілерге сақтық шараларына бейжай қарауға болмайтынын, қоғамдық жерде бетпердемен жүру керектігін түсіндіріп айтты. – Ауданда эпидемиялық ахуал тұрақты болғанымен, сақтық шараларын, маскалық режимді сақтау қажет. Бұл өте маңызды. Сіздерде әлеуметтік арақашықтық сақталмаған. Сақтық шараларына сәйкес әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс. Осыны қаперге алыңыздар. Дәл қазір адамның өмірі мен денсаулығы бәрінен қымбат. Әсіресе, қазіргі жағдайда. Өздеріңіз үшін сақтаныңыздар, – деді Жомарт Тешебайұлы өз сөзінде. Рейд барысында топ мүшесі, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев дәмхана иелерінің атына анықталған кемшіліктер бойынша анықтама толтырды. Ильяс ҚАЛЫБЕКОВ, «Шұғыла».
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар