сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 23:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аурухана дәрі-дәрмек беруден бас тартса, не істеу керек?

Аурухана дәрі-дәрмек беруден бас тартса, не істеу керек?
ашық дереккөзі
Аурухана дәрі-дәрмек беруден бас тартса, не істеу керек?

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша «СК-Фармация» ЖШС директоры Айжан Тортаева мен Жамбыл облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсізідігін бақылау департаментінің фармацевтикалық инспекторат бөлімінің бас маманы Гүлмира Жараспаева «Кейбір дәрі-дәрмектердің қымбаттауына жол бермеу. Медициналық мекемелерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету туралы» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясын өткізді.

Гүльмира Ергешбайқызының айтуынша, департамент фармацевтикалық қызмет субъектілерімен рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді тарату, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген дәрі-дәрмектердің шекті бағасынан аспауы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберіндегі тегін дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейді. Енді оған, коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған бес препарат қосылды.

Амбулаториялық емдеуде жедел респираторлы вирустық инфекциялар белгілері бар әрбір қазақстандық Ривароксабан, Апиксабан, Дабигатрон, НПВС-Ибупрофени Парацетамол сияқты коагулянттар алуға құқылы. Дәрі-дәрмектер беруден бас тартқан жағдайда, сондай-ақ олар ауруханаларда болмаған жағдайда азаматтар Жамбыл облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жүгіне алады. Шағым бойынша тиісті тексеру жүргізіледі.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар