дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аймақта пневмония жұқтырғандар азайып келеді

Аймақта пневмония жұқтырғандар азайып келеді
ашық дереккөзі
Аймақта пневмония жұқтырғандар азайып келеді
Соңғы кездері облыстың емдеу, алдын-алу ұйымдарына пневмония ауруымен түсушілер қатары азаюда. Індет басталғанда түсінбеушілік болып, дәрігерлерді кінәлаған халық бүгінде жаппай медицина қызметкерлеріне алғыс айтуда:
14 тамыз күні Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының тұрғыны 1970 жылы туылған Аманбеков Сұлтанбай «екі жақты вирустық пневмония, 35% өкпенің зақымдануы» диагнозымен Жуалы аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне түседі. Қабылдау кезінде науқаста дененің қызуы және жөтел пайда болған. Қазіргі таңда жүргізілген емнің арқасында тиімді және дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, науқастың жағдайы жақсаруда. Денсаулығының жақсаруына байланысты, ол жұқпалы аурулар бөлімінің инфекционист дәрігері Жазира Мырзалиеваға және күн-түн демей медициналық көмек көрсетіп отырған барлық жұқпалы аурулар бөлімінің медбикелері мен тазалықшыларына алғысын білдіреді.
19 тамызда Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының тұрғыны 1950 жылы туылған Аманбекова Зерекүл Жуалы аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне «ДН 2-ші дәрежелі екі жақты вирустық пневмония, 36% өкпенің зақымдануы» диагнозымен түскен. Қатты науқастанып ауруханаға келіп түскен пациентте тыныс алу жетіспеушілігі мен әлсіздік байқалған. Қазіргі таңда тиімді емдеу шараларының арқасында пациенттің жағдайы жақсаруда және әлі де оған емдеу шаралары жүргізілуде. Ол денсаулығының жақсарып, тыныс алуының жеңілдеуіне байланысты Жуалы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне зор алғысын білдірді.
17 тамызда Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының тұрғыны 1975 жылы туылған Қалдыбаев Нұржау Жуалы аудандық орталық ауруханасына «екі жақты вирустық пневмония, 34% өкпенің зақымдануы» диагнозымен, дене қызуы көтеріліп, жөтеліп жұқпалы аурулар бөліміне түседі. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында пациенттің жағдайы жақсаруда. Ол Жуалы аудандық орталық ауруханасының барлық медициналық қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар