Қазақстан аумағында тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ - ДСМ
- авторМағжан Орынбасар
- 19 қараша, 2025
- 255
ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ЖРВИ және тұмау бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, эпидемиологиялық маусым басталғалы елімізде ЖРВИ-дің шамамен 1,5 млн жағдайы тіркелген, бұл өткен эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда 20%-ға төмен. Тұмаудың 590 жағдайы зертханалық жолмен расталды, оның ішінде А типі – 587 жағдай.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Гонконг тұмауы жайлы айтып берді.
«Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Гонконг вирусы деп аталатын аурудың таралуы туралы қауесеттер таралуда. Бұл тұмаудың жаңа немесе ерекше штаммы пайда болды деген әсер қалыптастырады. Осыған байланысты ресми түсініктеме бергім келеді. А типті тұмау (H3N2), оны көп жағдайда Гонконг тұмауы деп те атайды, жаңа вирус емес. Ол алғаш рет 1968 жылы анықталды және сол кезден бастап әлемде айналымда болып тұрады. Қазақстан Республикасының аумағында бұл вирус көп жылдан бері бар және маусымдық эпидемиологиялық процесс барысында кейде тіркеліп отырады. Ағымдағы жылғы тұмау айналымы қазан айының бірінші жартысында, яғни өткен эпидемиологиялық маусымнан сәл ертерек анықталды. Бұрын Қазақстан аумағында айналымда болмаған тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ», - деді спикер.
Сонымен қатар, спикер анықталған вирустар ағымдағы маусымның екпе жасалатын штаммдарына толық сәйкес келетінін, сондықтан вакцина салдыру өзекті және ауыр аурулардың алдын алуда тиімді екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
МӘМС - денсаулық кепілі: тұрғындарға жүйенің артықшылықтары түсіндірілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2025





