Қазақстанда 27 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр
Қазақстанда 27 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр
ДСМ 2021 жылдың 27 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты таратты.
27 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 119 адам короновирус инфекциясынан (15 451 КВИ+ және 11 668 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 492 пациент стационарда, 20 627 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 266 адамның жағдайы ауыр;
• 39 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.