бейсенбі, 22 мамыр, 2025 10:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда дәрі-дәрмек қалай таңбаланады

Қазақстанда дәрі-дәрмек қалай таңбаланады
Денсаулық сақтау министрлігі
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда шығарылған әрбір дәрінің сыртында арнайы таңба болады. Яғни Data Matrix деген бірегей код жапсырылады. Бұл не үшін керек десеңіз, енді дәрі зауыттан шыққаннан бастап, сіздің қолыңызға тигенге дейін толық бақылауда болады. Осылайша жалған дәрілермен күрес күшейеді, ал тұтынушы өз қауіпсіздігіне сенімді бола алады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дәріханаға бардыңыз дейік. Қолға алған дәріңіздегі кодты «Naqty Onim» қосымшасымен сканерлесеңіз, бірден оның түпнұсқа екенін, қашан, қайда жасалғанын, қайдан өткені туралы ақпаратты көресіз. Бәрі ашық, бәрі бақылауда.

Бұл жүйе өте тиімді. Дәрінің сапасына күмән қалмайды. Жалған өнімдерге жол жоқ. Сіз не ішіп жатқаныңызды нақты білесіз.

Енді кімдер таңбалау жасайды дегенге келсек. Дәрі шығаратын зауыттар, оны әкелетін компаниялар, көтерме саудамен айналысатындар, дәріханалар мен емханалар – барлығы осы жүйеге тіркеледі. Олар арнайы «Тanba» деген ортақ платформада жұмыс істейді. Әр кезеңде дәрінің қозғалысы сол жүйеге енгізіледі.

Шетелдік компаниялар да бұл жүйеде жұмыс істей алады. Немесе олармен бірге жұмыс істейтін отандық импорттаушы компания кодты ала алады.

Жүйе былай жұмыс істейді. Алдымен өндіруші арнайы кодты алады да, оны дәрінің қаптамасына жапсырады. Сол кезде ақпарат жүйеге тіркеледі. Кейін бұл дәрі импорттаушы мен дистрибьюторға өтеді. Егер код дұрыс болмаса немесе мүлде жоқ болса, ондай дәрі сатылмайды.

Соңында дәрі дәріханаға немесе ауруханаға жетеді. Сол жерде ол тұтынушыға беріледі. Осы сәтте де ақпарат тіркеліп, препарат айналымнан шығады.

Яғни сіз қолыңызға алған әр дәрі – бүкіл жолы жүйеде тіркелген, қадағаланған, сенімді өнім.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар