Денсаулық
Қазақстанда эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді - Бағдат Қожахметов
- авторjambylinfo.kz
- 4 қыркүйек, 2020
- 269
Қазақстанда эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді - Бағдат Қожахметов
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда эпидемиялық ахуал тұрақталып келе жатқанын айтты.
"Қазіргі таңда Қазақстандағы эпидемиялық ахуал тұрақты деп бағалануда. Коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі төмендеп жатқаны байқалады. 4-ші қыркүйектегі мәлімет бойынша 106 121 науқас коронавирус инфекциясын жұқтырған, соңғы тәулікте 89 жағдай тіркелді. Қазір 5 924 пациент ем қабылдап жатыр, 98 585 науқас жазылып шықты. Өкінішке қарай, 1 612 адам қайтыс болды. Коронававирусқа ұқсас белгілері бар, бірақ ПТР тест нәтижесі теріс шыққан 26 803 адам тіркелді. Олардың арасында 305 пациент қайтыс болды. 20 972 науқас ем қабылдап жатыр, 5 831 адам жазылып шықты",- деді Бағдат Қожахметов.
Өлім-жітім жағдайына сараптама жасайтын арнайы комиссияның қорытындысына сәйкес, 556 адам жанама немесе ілеспе аурулардың әсерінен қайтыс болған.
"Бүгінде Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысында жұмыс сапарымен жүр. Бұған дейін ол Шымкент, Талдықорған, Аягөз, Өскемен қалаларында болды. Іссапардың мақсаты - өңірлердегі медициналық мекемелердің дайындығын тексеру. Күзде коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам барын білесіздер, сондықтан қауіп-қатерге дайын болу үшін министр, өзі аймақтарды аралап жүр. Дәрі-дәрмек қорын, ауруханалардың мүмкіндігін, мобильді бригадалардың қызметін қадағалауда", - деді ол.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық
Енді еңбекке жарамсыз анықтаманы дәрігер жұмыс орнына тікелей жібереді
- авторjambylinfo.kz
- 13 желтоқсан, 2024
Денсаулық
Жамбылда ЖРВИ-мен ауырған балалар саны 62,5%-дан пайыздан асты
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2024