жұма, 22 қараша, 2024 19:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны шамамен қашан басталатыны айтылды

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны шамамен қашан басталатыны айтылды
ашық дереккөзі
Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны шамамен қашан басталатыны айтылды
Қазақстанда қараша мен желтоқсан айларында коронавирус індетінің өршуі тіркелуі мүмкін. Мұндай болжамды Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта болжам жасаумен айналысып жатырмыз. Ең нақты болжам екі апталық кезеңге жасалады. Күн сайын қолымызға түсіп отырған көрсеткіштер ауытқып тұрады. Толықтай алғанда, қазірі уақытта бұл болжамдар маска тағатын, яғни әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтайтын адамдардың жалпы пайызына байланысты. Дәл осыған ауруға шалдығу болжамы тікелей байланысты. Ауруға шалдығуға қатысты болжам жасау үшін қазіргі уақытта азаматтардың қарым-қатынасты қаншалықты қысқартқандығын білуіміз қажет. Шамамен қараша-желтоқсан айларында өсім болуы мүмкін. Оған коронавирустың болжанып отырған екінші толқыны мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың, тұмаудың қабаттасуы әсер етеді", - деді Алексей Цой.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар