Денсаулық

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.

Қаулы бойынша, талаптар сақталған кезде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етіледі.

Құжаттың тағы жаңалығы діни нысандарға байланысты. Мысалы, "қызыл" және "сары" аймақтардағы діни нысандарда ұжымдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Ал "жасыл" аймақта мешіттерде толымдығы 30 пайызға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде (бес намаз) ұжымдық құлшылыққа рұқсат етілген. 150 адамға дейін, толымдығы 25 пайыздан аспайтын мешіттерде, ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат етілген.

Қазақстанға мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автомобиль өту жолдарымен келетін адамдарға қатысты іс-шаралар мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етіледі:

Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі - Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локоматив бригадаларының мүшелерін, қызметі темір жол, теңіз және өзен көлігімен тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда барлық келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесі берілген күннен бастап есептегенде 3 тәулік бұрын берілген Анықтаманы ұсынуға міндетті; Қазақстан Республикасына темір жол, теңіз, өзен көлігі және автомобиль өту жолдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, локоматив бригадаларының мүшелерін; темір жол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыздар.

Tengrinews.kz