Денсаулық
Бас санитар дәрігер алдағы мерекелерді қалай тойлау керектігіне тоқталды
- авторjambylinfo.kz
- 9 желтоқсан, 2020
- 322
Бас санитар дәрігер алдағы мерекелерді қалай тойлау керектігіне тоқталды
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда мереке күндері арнайы шектеу шаралары енгізілмейтінін айтты.
"Қосымша шектеу шаралары енгізілмейді. Қазір енгізілген шектеу шаралары сақталады. Оған қоса, қызыл аймақтардағы шектеулер сол қалпында қалады", - дейді Қиясов. Бас санитарлық дәрігер мереке күндері тексеру шаралары күшейтілетінін айтты. Сонымен қатар, Қиясов АҚШ-тағы жағдаймен бөлісті. "16 желтоқсан мен жаңа жылдық мереке отбасында тойлануы керек. Мәселен АҚШ-та алғыс айту күнінен кейін вирус жұқтырғандардың саны өскен. Мен Қазақстандықтарды үйде отыруға, ешқайда шықпауға шақырамын. Көптеген адамдар мұндай хабарламаларға мән бергісі келмейді. Сондықтан мониторинг топтары қатал тексеру жүргізетін болады. Бірақта арнайы шектеулер болмайды", - дейді бас санитарлық дәрігер. stan.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала