Бурабайға демалуға барған 10 бала ауруханаға түскен
Оқиға Edelweiss borovoe сауықтыру орталығында болған
Павлодардан Бурабайға демалысқа барған балалар үйінің тәрбиеленушілері ауруханадан бір-ақ шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Маусымның 30-нан бастап балалар Edelweiss borovoe балалар сауықтыру орталығына демалуға барған.
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, он баланың бәрі Щучинск қаласындағы ауруханаға жатқызылған.