Денсаулық

ДДСҰ СOVID мутациясына байланысты бақылауды күшейтуге шақырды

ДДСҰ СOVID мутациясына байланысты бақылауды күшейтуге шақырды

Аурудың тез өршуін ескере отырып, коронавирустың жаңа штаммы осы уақытқа дейін белгілі болған штамдарынан да тезірек таралуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропа елдерін Ұлыбританияда Сovid-тың жаңа штаммының пайда болуына байланысты коронавируспен күресу шараларын күшейтуге шақырады, деп хабарлайды Deutsche Welle.

ДДСҰ мәліметі бойынша, Ұлыбританиядан тыс жерде мутацияланған вирусты жұқтырудың 11 жағдайы тіркелген - Данияда 9, Нидерланды мен Австралияда бір-бірден.

Еске сала кетейік, коронавирустың жаңа мутациясы, вирустың алдыңғы нұсқасынан 70% жылдамырақ, ол қыркүйек айында Англияның оңтүстік-шығысынан анықталған. baq.kz