сенбі, 28 желтоқсан, 2024 20:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Денсаулық сақтау саласына жіті көңіл бөлінеді

Денсаулық сақтау саласына жіті көңіл бөлінеді
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау саласына жіті көңіл бөлінеді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы тапсырмалар бойынша баяндама жасап, Премьер-Министр Асқар Маминге биыл және алдағы уақытта атқарылатын жос­парларын жеткізді.
Ведомство басшысы коро­на­­вирустық инфекцияға қар­сы күресіп жатқан медицина қыз­мет­керлеріне үстемеақы осы жылдың соңына дейін жал­ғасатынын айтты. Наурыз бен шілде айы аралығында жалпы сомасы 59,6 млрд теңгеге үстеме­ақы төленген болатын. Енді тағы да қосымша 150 млрд теңге бө­лінеді. Тиісті есептеулер Қаржы министрлігіне енгізілді. Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы биылдан бастап 2023 жылға дейін дәрігерлер мен сани­тарлық-эпидемиялық қызмет мамандарының жалақысын эко­номикадағы орташа еңбек­ақыдан екі есеге арттыруды тапсырғаны мәлім. 2021-2023 жылдарға ар­налған республикалық бюджет туралы заңда аталған шығындар қарастырылған. 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын кезең-кезеңмен арттыру шығындары: 2021 жылы – 222,3 млрд теңге, 2022 жылы – 361,7 млрд теңге, 2023 жылы – 557,5 млрд теңге. Денсаулық сақтау министрлігі Индустрия және инновациялық даму министрлігіне отандық фармацевтика және медициналық өнеркәсіпті дамыту бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес негізделген кешенді ұсыныс енгізеді. Халықтың сұранысына сәйкес өзінің тиімділігін көрсеткен дәрі-дәрмектерге басымдық бе­ріледі. Сондай-ақ 13 жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Қазіргі уақытта облыс әкімдіктері 12 мо­дульді инфекциялық ауруха­на­ның құрылыс жұмыстарын қар­қынды жүргізіп жатыр. Тағы бір ауруханаға кешенді жаңғырту жасалуда және алдағы қазан айында қолданысқа беріледі. Вирустың екінші толқынына дайындық жан-жақты жүргізілуде. Қосымша 2700 инфекциялық төсек-орын дайындалуда. 2025 жылға қарай мемлекет-жекеменшік әріптестігі есебінен су жаңа 20 медициналық орталық құрылады. Яғни жоғары технологиямен жабдықталған көпбейінді медициналық мекемелер пайда болады. Оған шамамен 1,5 трлн теңге инвестиция тартылады деп жоспарланған. 2021 жылдың соңына қарай Алматы мен Нұр-Сұлтан қала­ларында әрқайсысында 500 төсек-орын бар көпбейінді ғылыми-зерттеу орталықтары салынады. Бұл эпидемиялық қауіп-қатер­лердің алдын алуға мол мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алғашқы меди­циналық көмектің қызметі қайта қаралады. Денсаулық сақтау ми­нистрлігі осы бағытта халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын және қолжетімділігін арттыру бо­йынша 2021-2023 жылдарға дейінгі кешенді жоспар әзірлейді. Атап айтқанда, елді мекендердегі фельдшерлік-акушерлік, дәрі­герлік амбулаториялық пункт­тердің материалдық-техникалық жағ­дайына айрықша мән беріледі. Шалғайдағы елді мекендер үшін көліктік медицина механизмі дамиды. Осы мақсатта жылжымалы тұрғыда жұмыс істейтін 100 медициналық кешен сатып алы­нады. Осылайша, аудандық ауруханалардың қажеттілігі 100 пайызға қамтылады. 2020 жылы «БРК-Лизинг» АҚ арқылы жедел жәрдем қыз­меттерін 1167 бірлік отандық са­нитарлық автокөліктермен қам­ту жоспарланған. Бұл ретте ауылдық жердегі медицинаға айрық­ша назар аударылады. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар тапшылығын реттеудің 10 жылға арналған жоспары әзір­ленеді. Эпидемиолог, ин­фек­цио­нист, реаниматолог, пуль­мо­нолог, кардиолог сынды маман­дықтарға басымдық беріледі. Ведомство басшысы «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2021 жылы ЭКО-ға бөлінетін квота көлемі 7 есеге дейін көбейетінін және аталған бағыттағы жұмыс­тардың сапалы орындалу барысы қадағаланатынын атап өтті.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар