Денсаулық саласына баса көңіл бөлінуде
Денсаулық саласына баса көңіл бөлінуде
Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Алпысұлы Сарысу аудандық орталық ауруханасына қарасты Саудакент ауылдық бөлімшесінде болды. Бұл бөлімше 1987 жылы салынған, ғимарат салынғалы жөндеу жұмыстарын көрмей, әбден тозығы жеткен. Осы ескеріліп күрделі жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттар даярланған. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында жылу жүйесі, ішін қырып сылау, әрлеу, линолеум төсеу, электр жүйесі, ауыз су, кәріс жүйесі, есік терезе, дабыл жүйесі толығымен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мердігер ЖШС «АСАУ-инвест НиК» келісім-шарт сомасы 218,8 млн.теңге, теххникалық қадағалау қызметі ЖШС «Тараз Технопроект» келісім-шарт сомасы 6 млн.теңге. Үстіміздегі жылдың 20 мамыры күні басталған жөндеу жұмыстары осы жылдың 30 тамызы күні аяқталады деп күтілуде. Сарысу ауданының жұмыспен қамту бөлімінен жұмысқа тарту мақсатында Саудакент ауылдық бөлімшесіне барлығы 76 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығынан – 38 адам тартылып, қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр. - Басты байлық денсаулық. Десек ауруханаларымызбен бөлімшелеріміз әзірлігі ойдағыдай болуы керек. Ал, сапасы мен мамандардың біліктілігі де басты орында. Сондықтан ең өзекті салалардың бірі денсаулық бөлімшесінің сапалы жөндеуден өтіп, тұрғындарға оңтайлы қызмет көрсетуі үшін барлық жағдай жасалу керек,- деген аудан басшысы мердігермен тілдесіп, тиісті тапсырмаларды жүктеді.