сенбі, 23 қараша, 2024 9:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ДСМ дезинфекция құралдары денсаулыққа зиян деген ақпаратқа түсініктеме берді

ДСМ дезинфекция құралдары денсаулыққа зиян деген ақпаратқа түсініктеме берді
ашық дереккөзі
ДСМ дезинфекция құралдары денсаулыққа зиян деген ақпаратқа түсініктеме берді
Елімізде қоғамдық көліктерді дезинфекциялау кезінде денсаулыққа қауіпті заттармен өңделетіні туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитеті бұл сұйықтықтың елімізде қоғамдық көлікті өңдеу үшін қолданылатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев: "Бұл дезинфекциялық құрал Қазақстанда тіркелмеген. Бізде қолдануға ұсынылған дезинфекциялық заттардың тізілімі бар, онда "Продез" жоқ. Оны еліміздің бірде-бір өңірінде пайдаланбайды", дейді ол. "Продез" деп аталатын құрал Беларусьтің "БелАсептика" зауытында шығарылады. Фотода қолданылатын заттың құтысы көрсетілген. Ол Қазақстанда қолданылатын барлық дезинфекциялау құралы адам үшін қауіпсіз екенін және ерітіндіні дайындау үшін ұсынылатын пропорция көрсетілген қолдану жөніндегі нұсқаулық бар екенін атап өтті.
egemen.kz © egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар