Денсаулық
Елімізде 240 мыңнан астам бала оңалту көмегімен қамтылған
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 18:04
- 35
Бұл туралы ДСМ мәлім етті
Бүгінде Қазақстанда балаларға оңалту көмегін көрсету үшін 81 орталық жұмыс істейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Онда дамуында түрлі бұзылыстары бар 243 мың балаға әртүрлі қызмет түрлері ұсынылуда.
- Соңғы екі жылдың ішінде елде балаларды медициналық оңалтуға арналған 20 орталық, оның ішінде 6-уы – аудандық деңгейде ашылды. Биыл тағы 11 аудандық орталық ашу жоспарланып отыр. Медициналық көмектің тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында педиатриялық қызметті дамыту жалғасуда.
2025 жылы 372 даму және ерте араласу орталығы, сондай-ақ 366 педиатриялық бөлімше ашылды. Бұл қазіргі таңда ел бойынша жалпы қажеттіліктің шамамен 80%-ын қамтуға мүмкіндік беріп отыр, - делінген хабарламада.
Келесі мақала





