Елімізде инсульттан болатын өлім-жітім көрсеткіші 25 пайызға азайған
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті
Елімізде инфаркттан болатын өлім 3,2 пайызға, инсульттан болатын өлім — 25 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстанда кардиологиялық қызметтің дамуы инфаркттан болатын өлімді төмендетуге және инсульт кезінде стационарлық өлімді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.
Ми қан айналымы бұзылыстарының (инсульттердің) профилактикасы мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде 50 жастан асқан ер адамдардың арасында 2 жылда 1 рет брахиоцефалиялық тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуін жүргізу арқылы скрининг енгізді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25 пайызға төмендету көрсеткішіне қол жеткізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңіріндегі алғашқы он елдің қатарына кірді.