Денсаулық

Елімізде медицина саласының 2637 қызметкері кәсіби мерекеге орай марапатталды

Мамандар ведомстволық наградаларды алды

Биылғы жылы кәсіби қызметіндегі айрықша еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалін 250 медицина қызметкері алды, Денсаулық сақтау саласының 596 өкілі «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін 614 медицина қызметкері алды, 600 қызметкерге құрмет грамоталары табысталды және 577 дәрігер алғыс хаттар алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық медициналық қауымдастығын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде 270 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді.