"Ем алуда". БҚО-да 140-қа жуық бала пневмониямен ауырған
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне күніне орта есеппен 15-20 бала түседі
Батыс Қазақстан облысы ауруханаларында 138 бала пневмониядан ем алуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің дерегінше, соның ішінде 39-ы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, қалған 99-ы облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр.
Пациенттер арасында көп жағдайда пневмонияның бронхообструктивті, сегменттік және лобальды (өкпенің ішінара қабынуы) түрлері орын алып отыр.
Басқарма мәліметіне қарағанда, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне күніне орта есеппен 15-20 бала түседі. Ем алған сонша бала жазылып шығады.