Денсаулық

Енді Қазақстанда шұғыл медициналық көмек тегін көрсетіледі

Ел азаматтары МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін медициналық көмек алады

Қазақстанда барлық шұғыл медициналық көмек – МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін көрсетіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіа қандай жағдайларда шұғыл қызметтің көмегіне жүгінуге болатынын түсіндіріп берді. 

  1. Созылмалы немесе әлеуметтік мәні бар аурудың өршуі, ЖРВИ белгілері немесе жарақаттар болған жағдайда сіз әрқашан жүгіне аласыз:
  2. фильт️р-кабинетке немесе өзінің немесе жақын маңдағы емхананың кезекші дәрігеріне

🔸️ жақын маңдағы аурухананың қабылдау бөлімшесіне
🔸️ жедел жәрдем шақырыңыз

ЕГЕР МЕН ШҰҒЫЛ ЕМХАНАҒА НЕМЕСЕ АУРУХАНАҒА БАРСАМ, МЕНІ ЗЕРТТЕП-ҚАРАП, ЕМДЕЙ МЕ❓

Иә. Денсаулық жағдайын тұрақтандыру үшін қажет нәрсенің бәрі сізге ТМККК пакетінде толығымен тегін көрсетіледі.

Оның ішінде диагнозды верификациялау және емдеу тәсілін анықтау үшін арнайы  мамандардың қажетті зерттеп-қараулары мен консультациялары, қажет болған жағдайда бекітілген тізбеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызу.

Егер сіз шұғыл көмекке жүгінген әлеуметтік мәні бар немесе созылмалы ауру бойынша Д-есепте тұрсаңыз, сізге ТМККК пакетінде медициналық қызметтер көрсетуді жалғастыратын болады. 

Айта кетейік, енді «туберкулез» диагнозы қойылған пациенттерге оңалту көмегі ТМККК пакетінде көрсетілетінін болады.