Денсаулық

Енді еңбекке жарамсыз анықтаманы дәрігер жұмыс орнына тікелей жібереді

Енді 2025 жылы бұл толығымен электронды форматта болмақ

2025 жылдан бастап азаматтар жұмысқа жарамсыз анықтамасын алу үшін кабинет жағалап, мөр жинап әуре болмайды. Бұл туралы ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы Әсел Қыдырәлиева айтты. Сөзінше, қазір бұл жұмыс жартылай ғана жасалған. Енді 2025 жылы бұл толығымен электронды форматта болмақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. BAQ.KZ.-ке сілтеме жасап.

Оның сөзінше, ДСМ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғак министрлігімен бірге еңбекке жарамсыздық парағын толық электронды түргн ауыстыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Ал егер пациент екі жерде жұмыс істесе, онда еңбекке жарамсыз парағы екі жұмыс берушіге бердей жіберіледі.