жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 2:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еуразия банкі Қордайға көмек көрсетті

Еуразия банкі Қордайға көмек көрсетті
ашық дереккөзі
Еуразия банкі Қордайға көмек көрсетті
Сарапшылар күзде вирустың екінші маусымдық өршуін болжауда. Осыған байланысты еліміздегі медициналық мекемелер мықты дайындықты қолға алған. Жуырда Қордай аудандық орталық ауруханасы коронавирустың салдарын емдеуге арналған оттегі концентраторларын қабыл алды. Бұл стационарда қолданылатын өте қуатты 10 литрлік аппараттар. Олардың көмегімен бірден екі адам оттегімен дем алып, дертінен айыға алады. Құрал-жабдықты жеткізуді кәсіпкер, Еуразия банкі директорлары кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов ұйымдастырды. Ол бір өзі 100-ден аса оттегі концентраторлары мен шығыс материалдарын алып, бүкіл ел бойынша дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін медицина мекемелеріне қолдау көрсетуде. «Бір палатада бірнеше адам бар. Сондықтан, бір аппаратқа екі-үш адамды бірден қосу мүмкіндігі бар қуатты концентраторларды алғанымызға өте қуаныштымыз. Енді пациенттердің емделіп шығуы жылдам болады. Бұл өте орынды және уақытылы көмек. Қолдауларыңыз үшін рахмет», - деп ризашылығын жеткізді Еуразия банкінің еріктілерінен аппаратарды қабылдап алған аурухананың бас дәрігері Зәуреш Қадырбекова. «Ең алдымен шағын қалалар, аудан орталықтары мен ауылдар-дағы аурухана-ларға қолдау көрсеткіміз келді. Әрине, бұл дәрігерлер мен емделушілерге қажетті көмектің бір ғана парасы, дегенмен мемлекет, бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар болып бірлесіп, ахуалды жақсартуға ықпал етіп, вирусты жеңіп шығамыз деп ойлаймын. Науқастардың сауығып кетулеріне тілектеспін», - дейді Шухрат Ибрагимов. Игі бастама Еуразия банкінде де қолдауға ие болып, концентраторларға арналған бірнеше мың бір реттік бетперде, обаға қарсы костюмдер, қорғаныс бетперделер мен көзәйнектер, медиктерге қолғаптар, пульсоксиметрлер кіретін гуманитарлық көмек жиналды. Ал, банк еріктілері ауруханаларға аталмыш заттарды жеткізіп беруді мықтап қолға алған. Қордайдан басқа гуманитарлық жүк Арқалық, Приозерск, Балқаш, Риддер, Шортанды, Жаркент және т.б. аудан және облыс орталықтарына жолданды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар