Денсаулық

Індеттің алдын алу –  міндет

Індеттің алдын алу –  міндет

Сарысу ауданының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында 64 дәрігер, 347 орта буынды медицина қызметкері, 150 кіші буынды медицина қызметкерлерін қамтуымен «белгісіз пневмония диагностикалау, емдеу және алдын алу» туралы 15 семинар-тренинг өтті.

Жалпы қазіргі таңда орталық аурухананың тарапынан қажет болған жағдайда 40 инфекциялық төсек орнын (жұқпалы аурулар бөлімшесі) ашуға мүмкіндігі бар және бөлімшеге орталықтандырылған оттегі беретін стансасы орнатылған. Оттегімен қамтамасыз ету үшін 1600 бірлік баллонды толтыруға арналған келісімшарт жасалған. 25 қазан күні 25 бірлік баллон Тараз қаласынан жеткізілді. Қажеттілігіне қарай тұрақты түрде толтырылып, жеткізіліп тұрады.

Аудандық орталық ауруханасында 36 оттегі беретін концентратор, 7 ИВЛ аппараты, 27 тепловизор (дене қызуын өлшейтін құрылғы), жеке қорғаныш құралдары – 2779 (+591) дана және қорда 3545 дана медициналық бетперде бар.

Жалпы дәрі — дәрмек қоры 2-2,5 айға жеткілікті. Жан басына шаққанда шамамен 500-700 науқасқа жеткілікті дәрі-дәрмектермен қамтылған.

Сондай-ақ, кезең-кезеңімен қосымша дәрі-дәрмек жеткізілетін болады.

Аудандағы 11 дәріханалардың жағдайы тұрақты. Аудан әкімдігінің жанынан құрылған  мобильдік топтар аптасына кемі 2 рет зерделеу жұмыстарын жүргізіп тұрады. Қорда 1-1,5 айға жететін дәрі-дәрмектер бар. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 2020 жылдың 9 қаңтарындағы №ҚР ДСМ-3/2020 дәрі-дәрмектердің шекті бағаны тұрақтандыру мақсатында Бұйрығын басшылыққа алып, қадағалап отыруды аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне тапсырылады.

Коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық барысында блок-посттар орнату, дизенфекциялық құралдар мен жабдықтау, жанар-жағар маймен қамту жұмыстарына аудандық резервтік қорынан 10,0 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Тиісті тапсырма берілген жағдайда, қала және ауылдық округ әкімдерінің сұраныстары қанағаттандырылатын болады. Жалпы аудан бойынша Жайылма, Жаңаталап, Ақтоғай, Түркістан елді мекендеріне 4 блок-пост қойылуы қарастырылуда, қажетті  құрал-жабдықтары, дезинфекциялық құрылғылары, жеке қорғаныш құралдарына сұранысына сәйкес қамтамасыз етіледі.