Денсаулық
Коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы азаматтық айналымға шықты
- авторjambylinfo.kz
- 8 қыркүйек, 2020
- 211
Коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы азаматтық айналымға шықты
Ресейде коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясы азаматтық айналымға шықты. Жақын арада дәрі-дәрмекті Ресей аймақтарына жеткізу күтілуде.
"Жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған вакцинаның алғашқы партиясы "Гам-Ковид-Вак" (Спутник V) Росздравнадзор зертханаларында қажетті сапа сынақтарынан өтіп, азаматтық айналымға шығарылды", делінген хабарламада.
Вакцинаны Н. Ф. Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған.
Бұған дейін Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко "азаматтық айналым" сөзін халықты, дәрігерлер мен мұғалімдерді вакциналау деп түсіндірген болатын.
Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі Сауда және қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне, полиция қызметкерлеріне, әскерге шақырылушыларға, студенттер мен мектеп оқушыларына, әлеуметтік қорғау, қоғамдық тамақтандыру қызметкерлеріне, жұмысы көптеген адамдармен тікелей байланыста болатын басқа ұйымдардың қызметкерлеріне жаппай екпе салдыруды ұсынып отыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қарасулықтар қоғамдық қабылдауда қандай мәселе көтерді?
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық
Енді еңбекке жарамсыз анықтаманы дәрігер жұмыс орнына тікелей жібереді
- авторjambylinfo.kz
- 13 желтоқсан, 2024
Денсаулық
Жамбылда ЖРВИ-мен ауырған балалар саны 62,5%-дан пайыздан асты
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2024