Денсаулық

Локдаун жариялау коронавируспен күресте тиімді шара емес – ДДСҰ

Локдаун жариялау коронавируспен күресте тиімді шара емес – ДДСҰ

Жаңадан локдаун жариялап, мектептерді жабу коронавируспен күресте тиімді шара емес. Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросының директоры Ханс Клугенің пікірі, деп жазды Хабар24.

Клугеннің айтуынша, соңғы аптада Еуроодақ елдерінде 29 мыңнан астам адам инфекцияның құрбаны болған. Соған қарамастан бастауыш мектептерді жауып тастаудың еш қажеті жоқ. Бюро директоры оқушылардың бұрынғыша оқи беруіне болады деп санайды.

Тіпті ол локдауннан бас тартуға болады дегенді де алға тартты.

baq.kz