Ұлт саулығы – ең қымбат қазына
Ұлт саулығы – ең қымбат қазына
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Басқосуда басқарма басшысы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының атқарылу жұмыстарымен таныстырып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Әсет Әскерұлының айтуынша, биыл облыста медико-демографиялық көрсеткіштерден оң динамикасын байқауға болады. Нәресте өлімі, туберкулезден болатын өлім-жітім мен аурушаңдық, қатерлі ісіктерден болатын аурушаңдық және қан айналым жүйесі ауруларынан болатын аурушаңдық былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеген.
Бұдан бөлек, басқосу барысында облыстың бас дәрігері салаға мамандар тарту жайына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, биыл облысқа 181 жас маман келіп, оның 106 ауылдық жерге, 75-і қалаларға орналастырылған. Мамандарды тұрақтандыру мақсатында облыстық бюджеттен және республикалық бюджеттен әлеуметтік көмек қарастырылыпты.
Айжан Өзбекова