Денсаулық

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы анықталды

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы анықталды

Ұлыбританиядан оралған ресейлік азаматтан «британдық» коронавирус штаммы анықталды.

Мәліметтерге сәйкес, коронавирустың жаңа штаммы анықталған адам қазір өзін жақсы сезінеді.

«Британдық» коронавирус штаммы өткен жылдың соңында да Ресейде тіркелген еді. Дәрігерлердің айтуынша, ол адамда індет сиптомсыз жағдайда өткен, науқастың денсаулығы бірқалыпты деңгейде болған.

Ресейдегі ПТР-тесттері арқылы коронавирустың жаңа штаммын да анықтауға болады. Елдегі вирусқа қарсы вакцинаның да «британдық» штаммнан қорғауға қауқары мықты.

egemen.kz