сенбі, 23 қараша, 2024 6:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық дәрігерлер туа біткен патологиясы бар нәрестеге сәтті ота жасады

Тараздық дәрігерлер туа біткен патологиясы бар нәрестеге сәтті ота жасады
ашық дереккөзі
Тараздық дәрігерлер туа біткен патологиясы бар нәрестеге сәтті ота жасады
Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургтері туа біткен көкеті жарығы бар 3 айлық нәрестеге күрделі ота жасады. Бұл ауру құрсақ қуысы ағзаларының көкеттің туа біткен пайда болған тесіктері мен оның жұқарып созылған бөліктерінен кеуде қуысына ығысып кетуінен пайда болады.
Көкеттің туа пайда болған жарығына оның қалыпты ұрықтық дамудың бұзылуы себеп болады. Көбінесе, жатырішілік өсіп- өну кезінде бұлшықеттері дамымай қалған көкет тек сірлі қабаттан тұрады. Құрсақ қуысы қысымы әсерінен тек сірлі қабаттан тұратын көкет кеудеге қарай созылады. Оған құрсақ ағзалары ығысып, кеуде қуысына өтіп кетеді. Сәбидің жасы неғұрлым кіші болса, ауру белгілері айқын білінеді. Көкеттің барлық бөліктері босаңсып пайда болған нағыз жарық, нәресте туғаннан бастап, тыныс жетіспеушілігіне әкеледі.
«Бүлдіршінде көкет жарығының бар екендігін анықтадық. Аш және тоқ ішек жартылай кеуде қуысына өтіп кеткен, соның салдарынан жүрегі оң жаққа ығысқан. Ота кезінде ішекті толығымен іш қуысына түсірдік. Шын мәнісінде, бұл өте ауыр патология және мұндай жағдайда, көбіне, отаны кейінге қалдыруға тура келіп жатады, яғни жаңа туған бала, ең болмағанда, 1 жасқа шығуы тиіс. Бұл диагнозбен ауыратын1 баланың жағдайы күн өткен сайын нашарлай түседі және күтпеген жерден, әсіресе түнгі уақытта қайғылы оқиғаның орын алуы ғажап емес. Операцияны бастамас бұрын ойлана келе торакоскопиялық: ота жасағанды жөн санадық, себебі бұл ота жасаудың нәресте үшін ең тиімді жолы. Бұл ота нәрестеге азинвазивті торакоскопиялық әдіспен жасалды, яғни оның ерекшелігі ешкандай кесусіз, тіліксіз кеуде қуысы арқылы көкет жарығы тігілді. Барлығы ойдағыдай өткен соң кішкентай сәби біздің ауруханада 10 күннен астам болды, жағдайы жақсарған соң үйіне жібердік», - дейді ота бөлімі меңгерушісі Маулім Кенжалы.
Бүлдіршіннің қазіргі таңда денсаулығы бірталай жақсарып, өздігінше тыныс алуы қалыптасқан, жергілікті педиатр дәрігерлердің бақылауына алынған. Ақ халаттылар алдағы уақытта балаға қосымша ота жасау қажеттілігі жоқ екендігін айтады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар