«Таза жүрек» денсаулық керуені шалғай ауылдарға жол тартты
«Таза жүрек» денсаулық керуені шалғай ауылдарға жол тартты
Бүгін «Волонтерлар жылына» орай облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Саулық» жалпыұлттық жобасын іске асыру мақсатында арнайы жабдықталған «Таза жүрек» денсаулық керуені облысымыздың шалғай елді мекендеріне жол тартты. Құрамында тәжірибелі кардиологтар мен волонтерлардан құралған мобильді топ тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетеді.
Салтанатты шарада облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудандық емдеу мекемелеріне 8 диагностикалық медициналық кешеннің кілтін табыстады. Сонымен қатар, облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы да 18 медициналық жедел жәрдем көліктерімен толықты. Көліктердің барлығы науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен жабдықталған реанемобильдер.
Шарада құттықтау сөзін алған өңір басшысы медицина қызметкерлеріне игі еңбектері үшін алғысын жеткізді. Сонымен бірге пандемия кезінде алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің ерлігі өлшеусіз екенін тілген тиек етті.
Мұнан соң облыс әкімі денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларына жаңа жедел жәрдем көліктерінің кілттерін табыстады. Сондай-ақ, пандемия кезінде коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен дәрігерлерді Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған «Халық алғысы» медалімен марапаттады. Шара соңында облыс әкімі жаңа жедел жәрдем көліктерін аралап көріп, олардың мүмкіндіктерімен танысты.
Айжан Өзбекова