Денсаулық

Толық вакцинация коронавирусты жұқтыру қаупін 3 есе азайтады - ғалымдар

Толық вакцинация коронавирусты жұқтыру қаупін 3 есе азайтады - ғалымдар

Зерттеу нәтижесі толық вакцина алған адамдарда коронавирусты жұқтыру қаупі үш есе аз болатынын көрсетті. Лондон Императорлық колледжінің ғалымдары мен Ipsos MORI зерттеу компаниясы жүргізген зерттеу нәтижелері 24 маусым мен 12 шілде аралығында Англиядағы 98 233 адамнан алынған сынамаға негізделген. Олардың 527-сі тапсырған ПТР-сынама оң нәтиже көрсеткен. Бұл жалпы таралудың 0,63 пайызы. Олардың кейбіреулері зертханада шығу тегін анықтау үшін сәтті талданды. Олар 100 пайыз коронавирустың "дельта" нұсқасы болғаны анақталды. Вакцинаның екі дозасын алған адамдарға қарағанда екпе алмағандарда виурс жұқтыру қаупі үш есе жоғары. Вакцина алмаған респонденттер үшін таралу деңгейі 1,21 пайыз және толық вакцина алғандар үшін 0,40 пайыз болған. Сонымен қатар, ПТР-сынама нәтижелерін талдау вакцина алмаған адамдарға қарағанда вакцина алған адамдарда вирустың басқаларға берілу ықтималдығы аз екенін көрсетті, өйткені олардың орташа вирустық жүктемесі аз. Императорлық Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің профессоры және зерттеу бағдарламасының директоры Пол Эллиот алынған нәтижелер вакцинаның екі дозасы да инфекциядан жақсы қорғайтынын көрсететін алдыңғы деректерді растайды дейді. "Алайда жұқтыру қаупі әлі де бар екенін көре аламыз, өйткені ешқандай вакцина 100 пайыз тиімді емес және біз толық вакцинацияланған кейбір адамдар әлі де вирусты жұқтыруы мүмкін екенін білеміз. Сондықтан, шектеулердің жеңілдеуімен де, біз бір-бірімізді қорғауға және инфекция деңгейін ұстап тұруға көмектесу үшін сақтықпен әрекет етуіміз керек", - деп түсіндірді профессор. Бұған дейін ғалым кейбір адамдар неге вирус жұқтырмайтынын айтып берген болатын.