жұма, 22 қараша, 2024 12:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкентте әйелі күйеуіне бір бүйрегін берді

Шымкентте әйелі күйеуіне бір бүйрегін берді
Фото - ашық дереккөзден
Науқас Ерлан Асқаров 1 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған

Шымкент қаласында №1 қалалық клиникалық аурухана базасында 221-ші бүйрек трансплантациясы өтті, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Донор – әйелі, ал күйеуі – реципиент. Хирургиялық жолмен әйелінің бүйрегін салдырған азамат 1975 жылы туған. Бір шаңырақта сүттей ұйып, берекесінің бастауы болған отанасы мен отағасы бүгінде отбасына оралды.

«Операция тірі донорда жасалды. Ол реципиенттің әйелі. Науқас 1 жылдан бері гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Отадан кейін «жасанды бүйрек» қызметі қажет болмайды. Науқастың өмір сүру сапасы жақсарады деп күтілуде», – деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байтеміров.

Науқастың адал жарына, абзал дәргерлерге деген алғысы шексіз.

«Жұбайым донор болды. Құдайға шүкір, қазір жағдайым жақсы. Бірер күнде үйге шығамын. Дәрігерлерге көп рақмет», – дейді ол.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар