сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 7:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жүрек ауруларына тап болмас үшін адам қанша сағат ұйықтауы тиіс?

Жүрек ауруларына тап болмас үшін адам қанша сағат ұйықтауы тиіс?
ашық дереккөзі
Жүрек ауруларына тап болмас үшін адам қанша сағат ұйықтауы тиіс?

Мамандар уақытылы ұйықтау режимі қалыптасқан адамдар жүрек-қантамыр ауруларына аз шалдығатынын анықтады.

АҚШ-тың Жаңа Орлеан штатындағы Тулейн университетінің ғалымдары күніне 7 сағаттан 8 сағатқа дейін ұйықтап, ұйықтау режимін қалыптастырған адамдар жүрек-қантамыр ауруларына көп ұшырамайтынын анықтаған. Зерттеуге 37-73 жас аралығындағы 408 802 адам қатысты. Ғалымдардың айтуынша, зерттеу барысында 408 802 адамның 5221-інде жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі айқындалған. Сонымен қатар бұл адамдардың ұйқыға байланысты проблемалары болғаны белгілі болды. Мәселен біреулері ұйқысыздықтан зардап шексе, кейбірі өз қорылдаған даусынан түнде жиі оянып мазасы қашқан. Сондай-ақ кейбірінің ұйқысы тез болғаны соншалық, аз уақыт ұйықтаса да сол жеткілікті болған. Мамандар ұйықтау режимін реттеп алған адамдардың осы тектес проблемалардан алшақ болып, жүрек ауруларымен аз науқастанатынын анықтады. Ғалымдар ұзақ ғұмыр сүру үшін адамдар күнде 7-8 сағат ұйықтауы тиіс деген қорытындыға келді. baq.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар