дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жүрекке жасалған күрделі операция

Жүрекке жасалған күрделі операция
ашық дереккөзі
Жүрекке жасалған күрделі операция
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты түрік әріптестермен бірлесіп, эндоваскулярлық орталық қақ­пақшаны импланттау бойынша 70 және 80 жастағы пациенттерге операция жасалды.
Аталған орталық ұйым­дас­тырған шеберлік класс шең­берінде институттың жетек­ші кардиологтары мен интер­вен­циялық кардиохирургтары Түркиядан келген доктор, профессор Ертұғрыл Окуянмен бір­лесіп, жүректің жүре пайда болған кемістігі – аорта қақпақ­шасының стенозы бар пациенттерге эндоваскулярлық аорталық қақпақшаны импланттау бойынша 2 операция жасады. Рентгенэндоваскуляр­лық опе­­ра­ция жасау блогының мең­­герушісі Алексей Колес­ни­ков­тың айтуынша, аорта қақ­пақ­ша­сының стенозы қанның сол жақ қарыншадан қалыпты ағуы­на кедергі болатын аорта қақ­пақшасы саңылауының тарыл­уымен сипатталатын күрделі ауру. Алексей Евгеньевич, бұл пато­логияға, әдетте, егде жастағы адамдар шалдығады, дейді. Олар үшін бір ғана жол бар, ол – опе­рация жасау. Осындай па­циент­тердің 30%-дан 40%-ға дейі­­ні жалпы наркозбен, кеуде қуы­сын ашу, ағзаны жасанды қанай­на­лымға ауыстыру секілді жасала­тын әдеттегі операцияны көтере алмайды. Операциядан кейін­гі кезең де ауыр болады. Аор­та­лық қақпақшаны имплант­тау осындай қауіптердің бар­лы­ғын азайтады және ол, тіпті ашық жүрекке операция жасауға қар­сы көрсетілімі бар 75 жастан жо­ғары ауыр аорталық стенозына шалдыққан адамдарға да келеді. Сонымен қатар операция аз инвазивті әдіспен жасалады және оның оң нәтижелерінің пайызы өте жоғары – 95-тен 100-ге дейін. Опе­рация жасалғаннан кейін нау­қастың күйінің мейлінше жақсарғаны байқалады. Кеуде қуысындағы ауыру сезімі, талып қалу және демігу секілді белгілер толығымен жойылып кетеді. Осындай операцияларды жасау пациенттерге көрсе­тіле­тін медициналық көмектің сапа­сын арттыруға, респуб­лика­­да алдыңғы қатарлы медици­на­лық технологиялар мен инно­ва­ц­ия­лардың дамуы мен қол­да­нылуына, кардиохирургияда опе­ративтік араласулардың тех­­ни­касын меңгеруге жағдай жа­сап, мамандардың кәсіби білік­тілі­гін жаңа деңгейге көтеруге мүм­кіндік беретіндігін айта кеткен жөн. Аорта қақпақшасын транска­тетерлік импланттау (TAVI)– аорта қақпақшасын жасанды биологиялық ауыстырудың аз инвазивті заманауи тәсілі. Жүрек біраз уақыт қанайналымның бұ­зылысын теңгерте алады. Алайда ерте ме, кеш пе: стенокар­дия синдромы, талып қалу, жүрек­тің қатты соғуы, демігу пайда бо­лады. Дәрі-дәрмек арқылы па­циенттің жағдайын аздап қана же­ңіл­детуге болғанымен, оны түгелімен өзгерту мүмкін емес. Аорта кемістігін емдеудің тиімді тәсілі – қақпақшаны протезбен алмастыру. Жеткізу жүйесі алы­нып тасталады, қақпақша өз қыз­метін бастайды. Операция шамамен 90 минут жасалады. Профессор Ертұғрыл Окуян – Медицина ғылымдары уни­вер­ситетінің кардиология кафед­расының меңгерушісі, Стам­бул қаласындағы Bağcılar кардио­логия оқу-зерттеу клиникасы, Түрік кардиологтары қоға­мы басқармасының мүшесі, Еуро­палық кардиологтар қоғамы­ның, Еуропалық атеросклероз қоғамының, Америкалық жүрек қауымдастығының, америкалық гипертония қоғамының мүшесі, Жүрек-қантамыр академиялық қоғамының вице-президенті. Оның 100-ден астам еңбегі рецензияланатын халықаралық және отандық журналдарда жарияланған.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар