сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 22:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда коронавирус жұқтырғандар азайып келеді

Жамбылда коронавирус жұқтырғандар азайып келеді
ашық дереккөзі
Жамбылда коронавирус жұқтырғандар азайып келеді

Ағымдағы жылдың 25 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді, оның 1-і симптомсыз.

Атап айтсақ, Тараз қаласының 55 жастағы жұмыссыз әйел тұрғынынан симптомдық жағдай анықталды. Ол ЖРВИ белгілері бойынша дәрігерлерге жүгінген. Екінші симптомдық жағдай Байзақ ауданының 66 жастағы зейнеткер тұрғынынан расталды.

Симптомдық тасымалдаушылар жұқпалы аурулар ауруханаларында емделуде.

Олармен байланысқан тұлғалар карантинге алынды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Қордай ауданында 8 жасар мектеп оқушысы байланыста болған тұлға ретінде сынақтан өткен. Баладан алынған талдау қорытындысы коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсеткен. Симптомсыз науқас үй карантиніне оқшауланды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 25 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4066 жағдайы тіркелген. Барлығы 3561 науқас емделіп, ауруханадан шығарылды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар