Жамбылда тағы бір ақсақал COVID-тен айықты
Жамбылда тағы бір ақсақал COVID-тен айықты
73 жастағы зейнеткер Сарысу аудандық орталық ауруханасының провизорлық бөлімінен шығуға дайындалуда, —деп хабарлайды «Jambylinfo» ақпарат агенттігі. Ауыр сырқаттан айыққан Жаңатас қаласының тұрғыны 1948 жылы туған, Әбілқасым Ишпеков стационардан үйіне оралуын үлкен қуанышпен күтуде. Осыдан 12 күн бұрын дене қызуы 38 * С көтеріліп, сатурациясы (SpO2) 89-91% төмендеп, бірден екі өкпесінің қабынуымен ауыр жағдайда Сарысу аудандық орталық ауруханасының провизорлық бөліміне шұғыл жатқызылған болатын. Зейнеткердің жағдайын артериалдық гипертензия, ЖИА сияқты қосалқы аурулары нашарлата түскен. Алайда медицина қызметкерлерінің уақытылы жүргізген тексерулері мен дұрыс тағайындалған ем нәтижесінде, науқастың денсаулығы жақсарып, сауығуға бет алған. Стационардан шығуға дайындалып отырған Әбілқасым ата аурухананың қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, барлығына береке және жұмыстарына табыс, ал бүкіл Қазақстан халқына сақтық шараларын дұрыс ұстанып, ауырмауларын тіледі.