сенбі, 6 желтоқсан, 2025 2:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жаңа туған нәрестеге нейрохирургиялық ота жасалды

Жамбылда жаңа туған нәрестеге нейрохирургиялық ота жасалды
Денсаулық сақтау министрлігі
Сәбидің анасы Ақерке Талантқызы бүгінде баласының жағдайы жақсы екенін айтып, дәрігерлерге шексіз алғысын білдірді.

   11 шілде күні Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында Жаңатас қаласының тұрғыны Ақерке Талантқызы дүниеге сәби әкелді. Алайда келесі күні нәрестеге «гидроцефалия» - яғни миға сұйықтық жиналуы диагнозы қойылды.

Сәбидің жағдайы облыстық балалар ауруханасының нейрохирургтарының тұрақты бақылауында болды. 30 шілдеде, балаға 19 күн толғанда, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында нейрохирург Мирсаид Байматовтың жетекшілігімен сәтті ота жасалды.

  «Сәбиде субкомпенсацияланған формадағы гидроцефалия анықталды. Алдымен компьютерлік томография арқылы зерттеу жүргіздік. Ота МӘМС аясында тегін жасалды. Енді 2-3 күнде анасы екеуі үйіне шығады», — деді дәрігер Байматов.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар