Жамбылда ЖРВИ-мен ауырған балалар саны 62,5%-дан пайыздан асты
Бұл туралы Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова мәлім етті
2024 жылдың қазан айының басынан бастап облыста ЖРВИ-нің 58 421 жағдайы тіркелсе, 14 жасқа дейінгі ауырған балалардың үлесі 62,5%-ды құраған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Неили Муликова айтуынша, тұмау вирусының айналымын анықтау мақсатында ЖРВИ белгілері бар науқастардан 408 материал зерттелді. Нәтижесінде 11 жағдайда тұмау вирусы анықталды, оның ішінде А типі - 8, В типі - 3 жағдай, сонымен қатар 152 басқа респираторлық вирустардың айналымы анықталды: аденовирус, риновирус, RS, парагрипп, бокавирус, метапневновирус бар.