Денсаулық

Жапондар неге ұзақ өмір сүреді?

Жапондар неге ұзақ өмір сүреді?

Ақ жүректен ақ тілек атқақтап шыққанда, «Жамбылдың жасын берсін» деп ұзақ ғұмыр тілейміз. Ұзақ ғұмыр кешудің құпиясы қандай? Мысалы, жапон халқы әлемнің ғасыр жасайтын тұрғыны атанған. Қазіргі кезде, 50 мыңнан астам жапон екінші жүзжылдықта өмір сүріп жатыр. Олардың жүз жасаудың жасаудың сыры неде екен? Ендігі 15 жылда бұл елде миллиондаған жапон ғасырлық өмір сүретін болады. Бір қызығы, осынша ұзақ ғұмыр кешу саны жағынан басқа елде тіркелмеген. Мұның сыры неде деп сұраса, көпшілік «олар теңіз өнімдері мен балдырларды жейді» деп жауап береді. Теңіз жағасында өмір сүретін, үнемі теңіз өнімдерін тұтынатын ел көп, дегенмен халқының жас мөлшері аз. Демек, теңіз шаяндары жапондарға ұзақ ғұмыр сыйламайды. Әлде олар сиқырлы сусын (элексир) іше ме екен? Мұның құпиясы мынада: жапондар ешқашан бір-бірінің де, өзінің де көңіл-күйін түсіргісі келмейді. Олар осындай құндылықпен әлем халықтарынан ерекшеленіп тұрады.