Денсаулық

Жапонияда коронавирустың тағы бір жаңа штаммы анықталды

Жапонияда коронавирустың тағы бір жаңа штаммы анықталды

Жапонияда коронавирустың тағы бір жаңа штаммы анықталды.

Жексенбі күні ресми дереккөздер Токионың Ханэда әуежайына Бразилиядан ұшып келген төрт адамның коронавирустың жаңа штаммын жұқтырғанын мәлімдеді. Жапонияның инфекциялық аурулар жөніндегі Ұлттық институтының қазіргі кезде вирустың жаңа нұсқасының бұған дейінгі вирусқа қарағанда жылдам таралатындығы немесе күрделі белгілерінің бар-жоғы туралы дәлелі жоқ. Институт басшысы Такаджа Вакита жаңа нұсқаның (штамм) Ұлыбритания және Оңтүстік Африкада таралып жүрген вирус түріне ұқсас екенін қосып өтті.

Коронавирустың бұдан да қауіпті нұсқаларының екі елде анықталуына қатысты алаңдаушылығын білдірген Жапония үкіметі шетелдік резидент емес азаматтардың елге кіруіне тыйым салды.

Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі төрт жолаушының Ханэда әуежайына 2 қаңтар күні Бразилиядан келгенін хабарлады. Әуежайдағы карантиннен кейін олардың коронавирустық инфекцияға тапсырған тесті оң болып шыққан. Олардың ішінде 40 жастағы ер адам тыныс алуы нашарлағанына, 30 жастағы әйел тамағы мен басының ауырғанына шағымданды, ал жасөспірім баланың дене қызуы көтерілген. Төртіншісі, жасөспірім қыз балада аурудың ешқандай белгілері болған жоқ.

Қазіргі кезде Жапонияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 мыңнан астам жаңа оқиғасы тіркелді. Ауру жұқтырғандардың жалпы саны 289 мың адамнан асқан. Елде қауіпті вирустың таралуынан 4 мыңнан астам адам қайтыс болды.

 

inform.kz