жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 6:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

10,7 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді

10,7 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді
ашық дереккөзі
10,7 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді
2020 жылдың қаңтар-қазан айларында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 9,7%-ға артық . "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жылдық жоспар қазіргі уақытта 75,8%-ға орындалды.

Республика бойынша барлығы 94 737 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде – 34 535 жеке үй. Өсім 15 өңірде байқалады:

Шығыс Қазақстан (116,7%), Солтүстік Қазақстан (112,5%), Қарағанды (110,3%), Павлодар (109,6%), Қостанай (109,5%), Алматы (108,5%), Түркістан (107,9%), Жамбыл (107%), Батыс Қазақстан (102,7%), Ақмола (101,6%), Маңғыстау (100,9%), Ақтөбе (100,5%) облыстары мен Нұр-сұлтан (154,6%), Алматы (103,6%) және Шымкент (103,1%) қалалары.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштері қарқынының төмендеуі Республиканың 2 өңірінде байқалады: Атырау (88,4%) және Қызылорда (91%) облыстарында.

egemen.kz © egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар