дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

17 мыңнан астам адам «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш берген

17 мыңнан астам адам «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш берген
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл – 25 сәуір мен 10 мамыр аралығындағы көрсеткіш

«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдер 25 сәуірден бастап қабылдануда. Өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«10 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтар барлығы 17 432 өтінім жолдады. Оның ішінде 8 945 өтінім сәтті қабылданды, олардың жартысы – 3955 өтінім тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен түскен. Бұл көпбалалы отбасылар, жетім балалар, тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар. Гендерлік бөліністе қарайтын болсақ, өтінімдер арасында 57% әйелдер жолдаған. Барлық өтініш берушілердің 62% 35 жасқа дейінгі жастар. Ең жас үміткер – Түркістан облысының 18 жастағы тұрғыны», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, «Отбасы банк» мамырдан бастап «Наурыз» ипотекасын бастаған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар