Экономика

17 мыңнан астам адам «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш берген

Бұл – 25 сәуір мен 10 мамыр аралығындағы көрсеткіш

«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдер 25 сәуірден бастап қабылдануда. Өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, «Отбасы банк» мамырдан бастап «Наурыз» ипотекасын бастаған.