жексенбі, 7 шілде, 2024 6:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

263 моноблок, 100 ноутбук табыс етілді

263 моноблок, 100 ноутбук табыс етілді
ашық дереккөзі
263 моноблок, 100 ноутбук табыс етілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында әлемдік пандемия білім беру жүйесіне салқынын тигізбеуі қажеттігін тапсырғаны белгілі. Бұл ретте өңірлердің алдында қашықтықтан білім алып жатқан оқушыларды қажетті компьютер және өзге де құрылғылармен қамтамасыз ету міндеті тұрды. Жолдау жүктеген міндетті мінсіз орындау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі  мектептердің теңгеріміндегі 25,3 мың компьютерді  аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және  ерекше білім алуды қажет ететін балаларға үлестірілді. Сондай-ақ  республикалық бюджет есебінен 2030 дана планшет алынып, мектептерге таратылған болатын. Ағымдағы  жылдың 23 қыркүйегінде мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы атанған «Barys system» компаниясы 2756 моноблок және «Best buy 01» компаниясы 1200 ноутбук жеткізді. Бұл ретте аймақпен айттас Жамбыл ауданының білім беру бөліміне республикалық бюджеттен бөлінген 263 моноблок және 100 ноутбук облыстық білім басқармасы тарапынан тапсырылды. Ал тамыз айында 30 планшет арнайы актымен қабылданып, компьютері жоқ аудандағы 30 оқушыға берілген. Осылайша  аудандық білім бөлімі өздеріне қарасты мектеп оқушыларын қажетті құрылғылармен барынша қамтамасыз етіп, қашықтықтан оқу жүйесін оңтайлы етіп отыр. Бұл сөз жоқ,  бас бармақпен бағалауға тұрарлық
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар