сенбі, 23 қараша, 2024 10:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

30 жылдан бері суармалы сусыз отырған ауылдарға су беріледі

30 жылдан бері суармалы сусыз отырған ауылдарға су беріледі
ашық дереккөзі
30 жылдан бері суармалы сусыз отырған ауылдарға су беріледі

Жамбыл облысының Байзақ ауданында 30 жылдан бері суармалы сусыз отырған Абай және Бірлік ауылдары келесі жылдан бастап сумен қамтылатын болды. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры Қазыбек Бедебаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазіргі таңда Байзақ ауданында ұзындығы 21 шықырым 800 метрлік темір-бетонды Өтеміс каналының арна салынуда. "Бұл ұзақ жылдар бойы егінін суара алмай отырған шаруалардың мәселесін шешіп бермек",- деді Қ. Бедебаев.

Биылғы вегетациялық кезең сәуір айында басталған. Облыстың егінді алқаптарына келетін суармалы судың 82 проценті трансшекаралық өзендерден келеді. Алайда, биылғы жылғы су тапшылығы біраз қиындықтар тудырған. Дегенмен «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық бөлімшесі облыс бойынша 550 млн текше метрі шаруаларға үлестірілді.

«Бұл тек Жамбыл облысында ғана емес, бүкіл Қазақстанда, Орта Азия елдерінде орын алып жатқан жайт. Көрші елдерде де су аз. Дегенмен «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлері күндіз-түні кезекшілік жасап, ауылдарға кезекпен су беру арқылы су айналымын жасап, шаруаларға қажетті суын берді. Ауыл шаруашылығы басқармасының дерег бойынша барлық шаруалар егіндерін жинап алды. Қурап қалған егін жоқ»,- деді Қ.Бедебаев.

Сондай-ақ, өңірде ескі желілер мен су нысандары жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жамбыл ауданында «Инженерлі-дренаждарды басқару бағдарламасының» екінші толқыны аясында «Кейкі» каналынды бұған дейін су жерге қосылған арнамен ағып келсе, келесі вегетациялық кезеңде шаруалар лоток каналдар арқылы «техникалық жоғалтусыз» су алатын болады. Меркі ауданында да темір-бетонды арналар мен лоток каналдарының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Жалпы Жамбыл облысында 229,7 мың гектар суармалы жер бар. "Қазсушар" РМК Жамбыл филиалы соның 169,6 мың гектарына қызмет көрсетеді.

Шу-Талас бассейндік инспекциясы 2020 жылы 3 637,639 млн шаршы метр су тұтынуға рұқсат берген. Оның ішінде 2054,913 млн. м3 суаруға және 1582,726 техникалық қажеттіліктерге қарастырылған. Негізінен, су трансшекаралық Шу, Талас және Аса өзендерінен алынады. Соның ішінде 80 процентін көрші Қырғыз Республикасы береді. Сонымен қатар, ішкі кіші өзендер - Ақсай, Көксай, Қақпатас, Қараконыз, Меркі, Аспара секілді арқылы суарады.

2020 жылы "Қазсушар" РМК Жамбыл филиалы 2 475 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен су жеткізу бойынша шарт жасасты. Оған сай, 118,8 мың гектар суармалы жерге 1 025,0 млн. м3 сумен қамтуы тиіс болатын.

Алайда, сәуір мен қыркүйек аралығында, яғни вегетациялық кезеңде 79,66 мың га алаңға 550 млн. м3 көлемінде ғана су берілді.

Оның ішінде келесі ауыл шаруашылығы дақылдарына: - дәнді дақылдар 18,331 мың га алаңға 39,557 млн. м3 су ; - жүгері 12,099 мың га алаңға 58,164 млн. м3 су; - қант қызылшасы 2,888 мың га алаңға 24,909 млн. м3 су; - картоп 0,793 мың га алаңға 3,464 млн. м3 су; - көкөністер 9,721 мың га алаңға 108,271 млн. м3 су; - бақша дақылдары 2,989 мың га алаңға 15,964 млн. м3 су; - жоңышқа 29,596 мың га алаңға 274,243 млн. м3 су; - күнбағыс 1,540 мың га алаңға 11,115 млн. м3 су; - бақшалар 1,709 мың га алаңға 14,609 млн. м3 су.

«Қазгидромет» РМК биыл су аз болады деп пайымдаған еді. Яғни судың мөлшері жылдағыдан 15-40% төмен деп болжам жасаған болатын. Мәселені шешу үшін филиал вегетациялық кезең басталғанға дейін облыстық және аудандық әкімдіктерге, сондай-ақ ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне суармалы суды ұтымды пайдалану мен ылғал сүйетін дақылдарды аз егу және ылғал үнемдейтін технологияларды қолдану керектігін ескерткен. Бұдан бөлек, дақылдарды егу кезінде өндірістік алаңдарымен келісу туралы ұсыныс айтқан.

Суармалы су тапшылығының қазіргі жағдайын ескере келе, облыс және аудан әкімдіктерінің өкілдерімен бірге Қордай, Меркі, Жамбыл, Байзақ, Талас және Жуалы аудандарындағы ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Су айналымы, түнгі және суарудың басқа түрлері бойынша кестелер жасалды. Бұл суды мейлінші тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.

egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар